Сенбі, 04 мамыр, 04:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Облыстық ауыл әйелдері форумы өтті

16.11.2023

559 0

Бүгін қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қоры және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Қазалы ауданы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Ү. Түктібаев атындағы ауылда облыстық ауыл әйелдері форумы өтті.

Дәстүрлі түрде өтетін облыстық деңгейдегі әйелдер басқосуына облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері және хатшысы, Қазалы ауданы әкімдігінің өкілдері мен барлық аудандардан бірқатар кәсіпкер, сан салада табысты қызмет етіп жүрген әйел-аналар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.

Еңбек адамының қоғамдағы рөлін насихаттау, ауыл әйелінің әлеуетін арттыру, әйел аналардың қоғамдағы орны мен рө­лін күшейту, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дә­ріп­теу, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруды мақ­сат еткен жиын өңірдегі нәзікжандылардың өзара тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік сыйлады. Форум жұмысы шараның сексиялық отырысымен жалғасып, «Әйел және қоғам», «Әйел және еңбек», «Дені сау бала — дені сау ұрпақ» тақырыптары тереңнен талданды. Еңбекші әйелдерді насихаттау, ана мен бала денсаулығы мәселелері көтеріліп, мазмұнды шараның маңызы арта түсті.

Форум қонақтарын қошеметпен қарсы алған «Әжелер» ансамблі ән шашуын арнап, қонақтарға ерекше әсер сыйласа, құлақ құрышын қандырар ән мен күйдің қатар төгілуі қазақтың мәдениеті мен төл өнерінен толағай тарту болды. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған жергілікті кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен түрлі тамақ өнімдерінің жәрмеңкесі аудан әлеуетін арттырып, мерейін өсірді. «Егіздер ауылы» атанған құтты ауыл құрметті қонақтарға ерекше қонақжайлық танытып, мерекелік марапат пен сый-сияпат ұсынды. Форум соңы жергілікті өнерпаздардың концертіне жалғасты.

Үкіметтік Емес Ұйымдардың Ресурстық Орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: