Сейсенбі, 21 мамыр, 23:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Өңірде балаларға арналған жаңа қойылымдардың премьерасы

19.12.2023

449 0

    Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында балаларға арналған қойылымдардың премьералары!  Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» қуыршақ қойылым 19 желтоқсан күні сағат 11.00-де басталды.
     Ұшқыш шөл далада апатқа ұшырап, жұмбақ Кішкентай ханзаданы кездестіреді. Ол кім? Ол шынымен басқа планетадан келді ме? Оның әңгімесі аңғал бірақ әсерлі болып көрінеді.  Кішкентай ханзада да ересек адамдарда бола бермейтін даналық бар. Өйткені, барлық ересектер алғашында бала болған, бірақ олардың көбі оны есіне ала қоймайды.
  Спектакльдің режиссер,М.Горкий атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас режиссері Бекпулат Парманов. Суретшісі Асия Курманалина.   Композиторы Эмиль Амиров. Орыс тілінен аударған Ұлбосын Қылышбаева. 
 Сонымен қатар, 25 желтоқсан күні сағат 11.00-де И.Миччидің «Арыстан патша» балалар қойылымының премьерасы өтеді.  Африканы мекендеген арыстандар прайдында, Муфаса мен Сарабиде Симба атты ұл дүниеге келеді, Муфаса прайдтың патша ретінде Симбаны өзінің мұрагері етеді. Прайд мекендеушілерінің қуанышына қарамастан, Муфасаның туған інісі Шрам, бұған қапалы боп, іштарлығы мен арам пыйғылын дереу іске асырмақшы болады. Муфасаны тақтан құлатып, Симбаны мәңгілікке прайдттан қуып жіберуге тырысқан ол, ақыр аяғы тақты өз қолына алады. Билікке деген құштарлық, өзара келіспеушіліктер, сатқындық пен достық, махаббат, әсем әннің әуезімен «Арыстан патша» қойылымында өрбиді.

Спектакльдің режиссері Санат Жүзбай, режиссердің ассистенті Әзидолла Әзімтай. Аударған Саламат Өтешов. Суретшісі Нұрахат Иманғалиев. Музыкасын жазған Нұрсұлтан Төреәлі. Костюм дизайнері Камила Дауылбаева.

    

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: