Жексенбі, 08 желтоқсан, 15:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Оң жағалаудағы сауда үйінің маңынан қыздың мәйіті табылған

09.10.2023

557 0

Астанада оң жағалаудағы сауда орталығының артындағы бос жерден 18 жастағы қыздың денесі табылды. Қала тұрғындарының айтуынша, бойжеткенді өлтіріп, көміп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға туралы zhalobi.astana парақшасында қала тұрғындары жеткізді.

«Кеше түнде біздің үйдің артында 18 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оны өлтіріп, көміп тастаған. Одан бұрын осы аумақта бір ер адамды тонап кетіпті. Мұнда көбіне үйсіздер шабуыл жасайды. Тіпті арасында нашақорлар да көп», – деп хабарлады қала тұрғындары.

Тұрғындардың айтуынша бұл аймақ қаланың шетінде емес. Дегенмен қаңырап қараусыз бос жатқан жерлер бар екен.

“Біз бұл туралы бірнеше рет шағымдандық. Қыста ол жер қарлы полигон орнына айналады. Жарық жоқ. Бізде қауіпсіздікті қарау үшін бір сұмдық оқиға болуы керек сияқты. Қызға обал, жаным ашиды», – деп жазды желі қолданушылары пікірде.

Астана полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары елордадағы қылмыстық ахуал тұрақты деп сендірді.

Полицейлер қыздың денесі табылғанын растады. Дегенмен, оның жасының 18-де екенін және мәйіттің көмілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бос аумақтан зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіттің табылуы бойынша елордалық полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.Оқиғаның мән-жайы анықталып, жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», – деп түсіндірді полиция департаментіндегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: