Бейсенбі, 09 мамыр, 01:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Әбсұлтанов, облыстық статистика департаментінің басшысы: Облыста орташа жалақы – 303675

20.12.2023

121 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жақында облыстық статистика департаментінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг өткізді.  Онда облыстың эконо­микасында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көр­сеткіштері бойынша оң өсім байқалатынын айтты.

– Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  102,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібі – 128,9 пайызды құраса, құрылыс жұмыстарының көлемі – 120,4 пайыз. Негізгі капиталға салынған инвестиция – 118,4 пайыз, тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 116,3 пайыз және көлік – 108,4 пайыз болса, сауда – 104,7% пайызға өскен. Биылғы жылдың 1 желтоқсанында 10736 заңды тұлға тіркелді. Оның ішінде 8755 нысан жұмыс істеп тұр. Тіркелген шағын және орта бизнес нысан саны өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өсіп, 74 мың бірлікті құраса, белсенді шағын және орта бизнес нысан саны 5,4 пайызға өскен.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша 211,7 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға жоғары. Яғни өсімдік шаруашылығы – 139,2 млрд теңге немесе 103 пайыз, мал шаруашылығы – 68,2 млрд теңге немесе 101,6 пайызды құрайды.

Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі 431 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылға қарағанда 18,4 пайызға жоғары. Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші нысандардың меншікті қаражаты болып қалады. Олардың көлемі 246 млрд теңгені құрайды. Инвестицияның өсуіне, тұрғын үйлердің құрылысы мен жаңғыртылуы, неке қию сарайының салынуы мен «Қорқыт ата» әуежайы терминалының құрылысы және жылу электро орталығы әсер етті. Сондай-ақ  Қызыл­орда-Жезқазған авто­жолы құрылысы мен жолаушы және мектеп тасы­малы үшін авто­бус­тар­дың сатып алу жұмыстарының нәтиже­сін­де инвестиция өсуде. 

Бүгінде құрылыс жұ­мыстарын жеке құ­рылыс мекемелері орын­дады. Құ­рылыс көлемі өткен жылға қарағанда 20,4% ұлғайып, 134 млрд теңгені құрады.

Өзара сауда бойынша биылғы жыл­дың қаңтар мен қазан аралығында Қызылорда облысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 78,1 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 2,1 есеге азайды, – деді Қайрат Байғабылұлы

Сонымен қатар биылғы жылдың III тоқсанында жұмыссыздар саны 16,6 мың адамды құрады. Статистикалық мәліметке сәй­кес, биылғы жылдың 3 тоқ­санында облыста орташа айлық жалақы – 303675 теңге. Бұл көрсеткіш экономикалық қызметтің барлық түрімен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардан алын­ғанын жеткізді.

Қазіргі таңда еңбекақының ең жоғары көрсеткіші, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметі – 598754 теңге, ал ауыл ­шаруа­шылығы, орман және балық шаруа­шылығы қызметтері сала­сындағы ең төменгі көрсеткіш 156094 теңге болып белгіленген.

Н.СЕРІКБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: