Дүйсенбі, 26 ақпан, 05:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті

06.09.2022

604 0

Бүгін қала әкімі Асылбек Шәменовтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс болып өтті. Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, мәжілісте жылу беру маусымына дайындық барысы, Белкөл кентінің әлеуметтік экономикалық ахуалы және күзгі егін жинау науқанының жай жапсары кеңінен талқыланды.

Жылу беру маусымына дайындық барысы туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғалымжан Қайназаровтың айтуынша, қазіргі таңда қала аумағында жылу беру маусымына  дайындық жұмыстары толығымен аяқталған. Температуралық сынақтар толыққанды жүргізілген. Қазан айында қаланы толығымен жылуға қосуға әзір екендіктерін жеткізді.

Шаһар басшысы Асылбек Шәменов әлі де зерттеп, кемшіліктерді уақытылы орындауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Белкөл кентінің әлеуметтік экономикалық ахуалы турасында болды. Бұл жайлы кент әкімі Жасұлан Сәду баяндама жасады.

Кент әкімінің хабарламасын тыңдаған қала әкімі 8 айдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері төмен екендігін айтып, жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындармен кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлерді орындауды жеткізді. Кент ішінде орын алған кемшіліктерді атап өтіп, апта ішінде қайта қалпына келтіру қажеттігін айтты.

Үшінші мәселе күзгі егін жинау науқаны жайлы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбек Әзірбекұлы хабарлама жасады.

Бөлім басшысының айтуынша, қазіргі таңда қалада шаруашылық құрылымдары бойынша мал азықтық жоңышқа шөбін дайындауда 2061 гектар жоңышқадан 4 743 тонна шөп жиналған. Сонымен қатар бақша дақылдарының 792 гектарынан 128,0 центнерден өнім жиналуда. Күзгі егін жинау науқанына қажетті техникалар қатыстырылуда.

Мәжіліс соңында қала әкімі сала басшыларына жүктелген тапсырмаларды тиянақты орындап, жүйелі жұмыс істеуді тапсырып, берілген тапсырмалар өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: