Бейсенбі, 09 мамыр, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы жылу электр орталықтарын «Путиннің досына тиесілі» компания салады

07.02.2024

190 0

Фото: Н.Нұржаубай

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда үш ЖЭО салатын ресейлік компанияны атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Скляр ЖЭО-ны ресейліктер өз қаржысына салатынын атап өтті. Салынған ақша Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтарылады.

«Бұл жобаларды инвесторлар қаржыландырады. Шетелдік компаниялар – “Самұрық-Энерго” және ресейлік “Интер РАО” компаниялары арасында тиісті келісімге қол қойылды, Ресейлік технологиялар қолданылады. Бастапқыда қазандықтарда көмір жағады, кейін олар газға ауыстырылады. Көкшетауға газ келген кезде көмірден газға көшіреміз. Бірінші Көкшетауда, одан кейін Семей мен Өскеменде салынады. 3 жобаға шамамен 350 миллиард теңге жұмсалады. Бәйтеректен несие берілмейді», – деді Скляр.

Құрылысты «Интер РАО» компаниялар тобы жүргізеді. Компанияның Еуропадағы бөлімшелерінің басшылары Путинмен байланысы болғандықтан санкцияға ұшырады.

Алайда жақында Литва соты қаржылық қылмыстарды тергеу қызметіне (FCIS) компанияны санкцияланған өнеркәсіптер тізімінен шығаруды бұйырды. Шешімге қатысты әлі де апелляциялық сотқа шағымдануға болады.

Қазір холдингті «Интер РАО» құрылымы – «Интер РАО Капитал» (29,56%) және 27,63% үлесі бар «Роснефтегаз» (Роснефтегаз және Интер РАО директорлар кеңесін Игорь Сечин басқарады) бақылайды. Федералдық желілік компания (ФСК, Россетінің бөлігі) 8,57% үлеске ие.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: