Жұма, 11 қазан, 04:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда да жол айрығы мен көпір ашылды

18.12.2023

536 0

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Тәуелсіздік күні аясында Қызылордада жаңа жол айрығы мен жаяу жүргіншілер көпірі ашылды. Облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов нысандардың ашылу рәсіміне қатысып, қала тұрғындарын құттықтады. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бас көше жолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізімен қосылатын тұсында жаңа көлік айрығы пайдалануға берілді.

«Құрметті жерлестер, баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке қарсаңында облысымызда жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, тұрғын үйлер, көпірлер пайдалануға берілуде. Міне, бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жол айрығына салынған жаңа көпір ел игілігіне табысталуда. Көптен күткен қуаныш құтты болсын! Жаңа көпір жақсылықтың жалғасы, жаңашыл істеріміздің бастамасы болсын!», – деді Данияр Еренғалиұлы.

Айта кету керек, бұл жобаның құны – 5,7 млрд. теңге, сол жағалауды көлік ағыны еселеп өскен халықаралық маңызы бар автокөлік трассасымен қауіпсіз және үздіксіз байланыстыру үшін салынған. Қызылорда қаласындағы тағы бір жаңалық – құрылысына 268,1 млн. теңге жұмсалған Ғ. Мұратбаев және Яссауи көшелері қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің ашылуы. Ұзындығы 55 метр аспалы көпірді «Гүлнұр МК» ЖШС салды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: