Сенбі, 22 маусым, 05:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда негізгі көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда

13.09.2023

352 0

Биылғы 8 айдың қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында алдыңғы қатарда. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов атап өтті.«8 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсімі тіркелді», – деді Үкімет басшысы.Атап айтқанда, Сыр өңірінде қаңтар-тамыз айларында құрылыс саласында 145,4%, жеке инвестициялар көлемі бойынша 142,3%, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көрсеткіш 119,8% құрады.Қуантарлығы, биыл Сыр өңірінде өңдеу өнеркәсібі бойынша өсім бар. Жылдар бойы мұнай өндірісіне тәуелді болған өнеркәсіптік сектордағы оң динамика басқа өнімдер есебінен қалыптасты.Аймақта мұнай қорының сарқылуына байланысты кезек күттірмейтін шаралар қолға алынды. Инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасалды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беріліп, ауыл шаруашылығы өнімділігін, экспорт көлемін арттыру алдыңғы орынға шықты. Өнім өндіруге ынталы азаматтарға мемлекеттік гранттың, жеңілдетілген несиелердің мүмкіндіктері түсіндірілді. Мұнан бөлек, Қызылорда облысы құрылыс жұмыстарының көлемі мен бюджетті игеру бойынша республикада екінші орында.Жиыннан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде мәжіліс өткізіп, бірқатар нақты тапсырма берді.«Өздеріңіз байқағандай, Қызылорда облысы 8 ай қорытындысымен барлық негізгі көрсеткіштерге қол жеткізіп, бірқатар көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарға орнықты. Әсіресе, өңірімізде көп жылдан бері төмен тенденция көрсетіп келген өңдеуші өнеркәсіп көрсеткіші биыл оң динамикаға шықты. Осы жұмысты әрі қарай жалғастыру керек. Мұнай өндіру азайғанына қарамастан, өзге даму мүмкіндіктерін қарастыру қажет», – деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: