Жексенбі, 28 сәуiр, 06:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы даму қорытындысы бойынша үздік үштікте

13.12.2023

306 0

Биылғы 11 айдың қорытындысымен Қызылорда облысы негізгі даму көрсеткіштері бойынша өңірлер арасында үздік үштікке енді. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша аймақ республикада бірінші орында, ал ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемі бойынша екінші орында. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.

«Өңдеу өнеркәсібінде оң өсім сақталуда, өндіріс көлемі 3,4 пайыз өсті. Көрсеткіштің өсімі 13 өңірде тіркелді. Оның ішінде, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында ең жоғары көрсеткіш байқалды», – деді министр.

Үкімет жиынынан кейін өткен арнайы мәжілісте облыс әкімі талқыланған мәселелерге кеңінен тоқталып, алдағы жоспарларды орындаудағы басты бағытты айқындады. Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдеріне, облыстық бағдарлама әкімшілеріне жоспарланған қаражатты 100% толығымен игеру тапсырылды. Жыл аяқталуға жақын, сондықтан қаржы игеруге, жұмыс сапасына қатысты мәселелерде бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатынын қатаң ескертті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: