Сәрсенбі, 01 мамыр, 23:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ыстық су мәселесі алдағы 3 жылда шешімін таппақ

07.12.2023

539 0

Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартудағы маңызды факторлар – сапалы инфрақұрылым, баспанамен қамту. Алдағы уақытта Қызылорда тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі – ыстық сумен қамтамасыз ету қолға алынбақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазан айындағы сапарында өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты тарихи шешімдер қабылдады. Көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын төрт жолақты жолға айналдыру және Қызылорда қаласына ыстық су қосу мәселесі алдағы үш жыл ішінде шешіледі», – деді облыс әкімі.

Еске салсақ, Қызылорда қаласы – республикадағы ыстық суы жоқ жалғыз облыс орталығы.«Мемлекет басшысы Үкіметке бұл жобаларға қажет қаржыны бөлу туралы нақты тапсырма берді. Мұны жүзеге асыруға 1,1 трлн теңге қаражат жұмсалады», – деп қорытындылады Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, өңірдегі басқа да түйткілдер кезең-кезеңмен шешімін табуда. Қоғамда жиі талқыланатын «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Жоба құны – 108,5 млрд теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2025 жылы халық игілігіне беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: