Сенбі, 04 мамыр, 21:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Шахтадағы жарылыстың видеосы тарады

30.10.2023

522 0

Әлеуметтік желілерде Қарағандыда Костенко атындағы шахтада түсірілген өрттің видеосы тарап жатыр. Алайда бұл – жалған ақпарат, – деп хабарлайды stopfake.kz

«Әлеуметтік желілерде Костенко атындағы шахтада болған оқиғаның видеосы таралды. Бұл видео шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде мәлімдейміз. Ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі өкілдері.

Бұл видео Қазақстанда түсірілмеген. Ол бірнеше жазбадан тұрады. Олардың бірі Желіде 2022 жылғы маусымында тараған. Видеода Севильяда (Испания) Дос-Эрманастағы алюминий зауытындағы өрт көрсетілген.

Ал ақ-қара кадрлар – бұл 2014 жылғы мамырда Түркияның Сома қаласындағы шахтадағы жарылыс кезінде  бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар.

Тағы бір видеода Қытайдың Шаньси провинциясында Лулян көмір шахтасында болған апат көрсетілген.

Таралған видеоның Қазақстанға қатысы жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: