Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

11.02.2024

387 0

Фото: KAZINFORM

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көшкін 11 ақпанда сағат 11.30 шамасында облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолына түсті. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

«Нақты айтқанда, тасжолдың 132 шақырымындағы Самар ауданының аумағында болған. Қардың көп жаууынан және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1300 текше метр қар түсті. Абырой болғанда, зардап шеккен адам, қираған нысан немесе бүлінген көлік жоқ», – делінген ақпаратта.

Қар жолды толығымен жауып тастады. «ОблШығысЖол» ЖШС-дан 2 адам және 2 техника тартылды. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері келіп жетіп, пост қойылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: