Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлердің қатысуымен «Тағзым алаңында» 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты салтанатты шара өтті.


«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз», – деген болатын.
Майдангерлердің ерен ерлігін, шексіз батырлығын жадымызда жаңғырту, оларды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.
Ел басына күн туып, ер етігімен қан кешкен қиын-қыстау заманда даңқты бабаларымыз батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті.Бүгінгі ұрпақ бейбітшілік аспаны астында, аштық пен суықты, сұрапыл соғыстың зұлматын көрмей, Тәуелсіз Отанымызда алаңсыз өмір сүруде.
Батыр бабаларымыз қол жеткізген қасиетті де ұлы ерлік ел жадында мәңгі сақталады! Баршаңызды
Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!»- деді Мейрамбек Зинабдинұлы.





Салтанатты шарада соғыс қаhармандары құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, Мәңгілік алауға гүл қойылды.

Еске салайық, соғыс жылдары Қызылорда облысынан 70 мыңнан астам азамат майданға аттанған. Оның 30 мыңнан астамы қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткен, 22 азамат Кеңес Одағының Батыры атанып, 20 мыңнан астам жауынгер түрлі орден-медальдармен марапатталған.






Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
