Жексенбі, 10 мамыр, 11:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде соғыс ардагеріне, коммуналдық сала мамандарына құрмет көрсетілді

10.05.2026

52 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметі азаматы Яхия Тасыровты 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, дәстүрге сай сый-сияпат көрсетті.

Сыр өңірінде соғыс ардагеріне, коммуналдық сала мамандарына құрмет көрсетілді

Бүгінде жасы ғасырдан асқан қарт майдангер 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірде де белсенді еңбек етіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеуіне үлес қосқан.

Сыр өңірінде соғыс ардагеріне, коммуналдық сала мамандарына құрмет көрсетілді

Одан кейін қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, аумақтық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысқан мәжіліс өтті. Жиында Нұрлыбек Нәлібаев бірге қызмет атқарған әріптестеріне ризашылығын білдіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқанүлестері үшін алғыс айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалдым. Бұл – маған жүктелген зор жауапкершілік. Сіздермен бірге 4 жылдан астам уақыт бойы туған жеріміздің өсіп-өркендеуі жолында еңбек еттік. Мемлекет басшысының және Үкіметтің тікелей қолдауының арқасында аймақта ауқымды жобалар жүзеге асып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалар қолға алынды. Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша республикада үнемі алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл – кәсіби біліктіліктің, ел бірлігінің және ортақ жұмыстың нәтижесі.
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан»реформалары мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының табысты орындалуы – барлығымыздың бірлескен еңбегімізге байланысты. Сондықтан алдағы уақытта да ел игілігі жолында жұмыла жұмыс істеуіміз қажет.
Жаңадан тағайындалған облыс басшысы Мұрат Нәлқожаұлына қолдау көрсетіп, өңірдің дамуына бірге атсалысасыздар деп сенемін. Біз де Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеміз. Мұрат Нәлқожаұлына Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеймін. Өңіріміз өркендеп, дами берсін! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Сыр өңірінде соғыс ардагеріне, коммуналдық сала мамандарына құрмет көрсетілді

Әрі қарай ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары зиялы қауым өкілдерімен бірге Президент паркі аумағындағы 300 орындық балалар тынығу лагерінің құрылыс барысымен танысты.

Президент тапсырмасына сәйкес, Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен салынып жатқан лагерьде жеткіншектердің демалысын ұйымдастыруға, денсаулығын нығайтуға барлық қолайлы жағдай жасалады. Онда спорт кешені, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған event-аймақ, заманауи үлгідегі 5 киіз үй, ашық бассейн, спорт түрлеріне арналған ойын алаңдары, амфитеатр, балалар мен тәрбиешілерге арналған тұрғын блоктар қамтылған. Жыл он екі ай қызмет көрсететін лагерь 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай пайдалануға беріледі.

Сыр өңірінде соғыс ардагеріне, коммуналдық сала мамандарына құрмет көрсетілді

Бұдан бөлек, Нұрлыбек Нәлібаев коммуналдық сала қызметкерлерімен арнайы кездесіп, мамандар еңбегіне алғыс білдірді. Тәулік бойы үздіксіз еңбек етіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне үлес қосқан бірқатар қызметкер Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, Нұрлыбек Машбекұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, өңірдің дамуы жолында атқарылған жұмыстарды халыққа жедел әрі сапалы жеткізген журналистер қауымына алғыс білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: