Жексенбі, 10 мамыр, 11:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы қымбаттайды

10.05.2026

28 0

фото: kursiv.media

Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тауарлық газдың көтерме бағасы 33%-ға қымбаттайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, – деп хабарлайды  kursiv.media

Оның айтуынша, бұл шара газ саласына инвестиция тартуға және жаңа кен орындарын игеруді ынталандыру үшін қажет.

Жұманғарин бағаны көтеру туралы шешімді Энергетикалық кеңес қолдағанын атап өтті. Үкіметтің болжамы бойынша, тауарлық газ қымбаттағанымен халыққа тигізетін әсері өте төмен болады. Газ бағасының 33%-ға қымбаттауы елдегі жалпы инфляцияны небәрі 0,16%-ға ғана өсіреді, яғни Үкімет белгілеген 0,2%-дық қауіпті межеден төмен.

«Баға өзгермесе, Қазақстан импорттық газға тәуелділігі артуы мүмкін. Ал импорт ішкі нарық үшін әлдеқайда қымбатқа түсуі мүмкін» дейді ол.

Сонымен қатар, Үкімет теміржол тасымалы тарифтерін қайта қарау мүмкіндігін талқылап жатыр. Бірінші кезеңде бағаны шамамен 12%-ға көтеру қарастырылды. Егер бұл шара бекітілсе, оның инфляцияға қосымша әсері 0,8%-ға жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстан халқы нақты табыстың өсуін қашан сезіне алатынын айтқан еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: