Жексенбі, 10 мамыр, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

10.05.2026

36 0

Фото: gov.kz

4-10 мамыр аралығында еліміздің мемлекеттік басқару жүйесі мен өңірлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс болды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Роман Скляр Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Ол 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

1990 жылдан бастап — «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.

1990-1999 жылдары «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.

1999-2002 жылдары — «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.

2002-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

2003-2005 жылдары — Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

2005 жылғы қантардан бастап — Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005 жылғы сәуірден бастап — Павлодар облысы әкімі Аппаратының басшысы.

2006 жылы — Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары — Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жылдары — Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары — Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010-2011 жылдары — Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011-2013 жылдары — Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014-2016 жылдары — «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті.

2016 жылы — Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016-2019 жылдары — Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылдың ақпан-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019-2022 жылдары — ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2022-2026 жылдары — ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2026 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жыл 13 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жылдарда жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жылдары — Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі.

2021-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылдың 7 сәуірінен 2026 жылдың мамырына дейін — Қызылорда облысының әкімі.

2026 жылы 6 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ал Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ол 1966 жылы Қызылорда қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданында Жамбыл кеңшарының экономисті ретінде бастап, Сырдария аудандық өнеркәсіп бірлестігінің бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ облыста банк саласында түрлі басшылық лауазымдар атқарып, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының вице-президенті болған.

2008-2017 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі, облыстық қаржы басқармасының бастығы, Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі, Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2017-2021 жылдары — Қазалы ауданының әкімі.

2021–2023 жылдары — Сырдария ауданының әкімі.

2023 жылғы наурыздан бастап 2026 жылдың мамырына дейін — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты. AMANAT партиясы партиялық тізімі бойынша сайланған.

2026 жылы 8 мамырда Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Сонымен бірге, Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып сайланды.

Ол 1980 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.

2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастады.

2008–2011 жылдары — Парламент Сенаты аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.

2011–2013 жылдары — Қазақстанның Женева қаласында орналасқан БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігінде үшінші хатшы, атташе.

2013–2019 жылдары — Парламент Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2019–2021 жылдары — Президент Кеңсесі бастығының орынбасары.

2021-2022 жылдары — Президент Іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылдың 11 қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін — Президенттің Іс басқарушысы.

2024 жылдың 6 ақпанынан 2026 жылдың мамырына дейін — Президент Әкімшілігінің Басшысы.

2026 жылдың 7 мамырында Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып сайланды.

Одан бөлек, Мемлекет Басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы болып тағайындалды.

Ол 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1985 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Университеттен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына тағылымдамашы болып қабылданды.

1986-1993 жылдарда Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет атқарып, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратураның бөлім бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.

1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Жалпы қадағалау басқармасының бөлім бастығы.

1994-1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде консультант, сектор меңгерушісі.

1996-1997 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.

1997-2001 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Бас Прокурордың аға көмекшісі — басқарма бастығының орынбасары, кейін басқарманың бастығы, одан кейін Бас прокуратураның департамент бастығы.

2001-2002 жылдары — Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

2002-2003 жылдары — Павлодар облысының прокуроры.

2003-2005 жылдары — Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі.

2005-2006 жылдары — Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің «Атамекен» Жалпыұлттық Одағының атқарушы директорының орынбасары, «Ордабасы» корпорациясы» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі.

2007-2012 жылдары — «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV және V шақырылымдарының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

2012-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры.

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 273-VI ПС қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне сайланды. Бес жылдық мерзімнің өтуіне орай және басқа қызметке ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. 2023 жылғы 26 қаңтардан Парламент Сенаты Төрағасының Орынбасары.

2026 жылы 8 мамырда Мемлекет Басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы болып тағайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: