Жексенбі, 28 сәуiр, 22:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Байыпты бастамалар қолдау тапқан күн

30.12.2023

261 0

2023 жыл сырбойылықтар үшін өңірге ел Президентінің келуімен есте қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сыр өңіріне арнайы ат басын бұрды.

Президент алдымен аймақта үздік елді мекен деп танылған Нағи Ілиясов ауылына барып, ондағы жұртшылықтың тыныс-тіршілігін көрді. Ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралады, спортшы жастармен тілдесіп оларға үлкен сенім артатынын жеткізді. Сондай-ақ аймақ экономикасының дамуында өзіндік орны қалыптасқан «Абзал и К» кәсіпорнынына барды, еңбек адамдарымен кездесті. Осы кездесуде Мемлекет басшысы облыстың дамуына ерекше мән беретінін айтып, қазіргідей күрделі геосаяси кезеңде еліміздің өркендеуі жолында ауызбірлікпен еңбек етуге шақырды.

Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы облыс орталығында жүзеге асқан және алдағы уақытта ел игілігіне берілетін ауқымды жобалармен танысты. Оның ішінде «Қорқыт ата» әуежайы жаңа терминалының құрылысымен,  жылу электр орталығының жобасымен танысып, облыс орталығындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесін тамашалады. Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылайша аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, даму деңгейіне оң бағасын берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: