Жексенбі, 05 мамыр, 09:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Балаларды қуантқан жаңа жыл кеші

26.12.2023

443 0

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

Кеше оқушылар сарайында балаларға арналған «Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт» атты мерекелік шара өтті.  Салтанатты шараға қала әкімі Асылбек Шәменов қатысып, балаларды жаңа жылмен құттықтады.

– Айналайын бүлдіршіндер! Шаһарымыздың өздеріңдей білімді де талапты жастары әлемнің ең озық оқу орындарында білім алуда, спорт саласында биік белестерді бағындырып чемпион атануда, басқа да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп Сыр елінің абыройын көтеруде. Сол аға-әпкелеріңнен үлгі алып, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Жаңа жыл өздеріңе де, сендерді мәпелеп өсіріп отырған ата-аналарыңа да тек жақсылық әкелсін, – деді қала әкімі.

Жаңа жылдық мереке оқушылар сарайының өнерпаздарының әзірлеген қойылымынан басталып, жұмбаққа толы ертегілер мекеніне айналды. Осылайша балалардың көңілін көтеріп ғана қоймай, жаңа жылдың басты қонағы Аяз ата мен Ақшақарды шақырды. Жанары қуанышқа толы бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерін көрсетіп, сыйлық алды.

Сонымен қатар қала әкімі балаларға арнайы әзірлеген сыйлықтарды  табыс етіп, жаңа жылдық тортты үлестірді. Ал бүлдіршіндер мерекелік дастарханнан дәм татты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: