Жексенбі, 05 мамыр, 11:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Сыр бойы» ҮРКЕРІ

30.12.2023

271 0

Аймақта жылдың үздігі боларлық жетістік аз емес. Біз барлығын бірдей сараламасақ та бұған дейін аз-кем тоқталғанбыз. Бұл жолы «Үздік өңірлік БАҚ» аталымы бойынша «Үркер» сыйлығын жеңіп алған «Сыр бойы» газетінің жетістігін сөз еткенді жөн санадық.
Баспа, радио, интернет журналистика саласында үздіктерді анықтайтын «Үркер» ұлттық байқауының ұйымдастырылып келе жатқанына да 6 жыл болды. Республика көлеміндегі барлық БАҚ қатысатындықтан жеңіске жету қиын. Тек мықтылардың мықтысы ғана үздіктер қатарынан көрініп, мақтаулылар төріне шығады.
Байқаудың «Үздік өңірлік БАҚ» аталымы бойынша облыстың ата басылымы – «Сыр бойы» газеті үздік деп танылып, «Үркер-2023» сыйлығын иеленді. Тарихы сонау 1929 жылдан бастау алатын «Сыр бойы» газеті – аймақ жұртын ғасырға жуық ақпараттандырып келе жатқан басылым. Бұл жетістік тек «Сыр бойының» ғана емес, Сыр журналистикасының жетістігі деп айтуға болады. Кәсіби тұрғыдан лайықты бағасын алып, марапаттың биік шыңына шыққан әріптестерімізді тағы да құттықтаймыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: