Жұма, 03 мамыр, 06:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тартоғай ауылында футболдан турнир өтті

09.10.2023

491 0

Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылында аудан аралық футболдан турнир өтті. Шараның басты мақсаты, Тартоғай ауылында дүниеге келген Есенбаев Алтынбай Тілеуқабылұлының 60 жас мерей тойына арналады.

1963 жылы дүнеге келген Алтынбай әкеміз, сол ауылдың мұғалімдерінен тәлім тәрбие алып, үлкен қалада меңгерген оқуы бойынша жоғарғы оқу орнын тәмамдаған. Сол аралықта ауыл оқушыларына футболдан бапкерлік қызметін атқарып, кейін, 2002 жылы Шымкент қаласына қоныс аударды. Бапкерлік қызметін тоқтатпаған тартоғай ауылының тумасы Шымкент қаласында да өзінің қызметін мүлтіксіз атқарып, қазіргі таңда «Ордабасы» футбол акадамиясының жасөспірімдер баптайтын УЕФА-ның «А» дәрежелі жаттықтыруышысы қызметін атқарады.

Алтынбек Тілеуқабылұлының 60 жас мерей тойы қарсаңында шәкірттері футболдан турнир ұйымдасырып, ауыл тұрғындарының басын біріктірді. Турнирге 4 команда жинақталып, бір-бірімен доп теуіп бәсекелесті. Бұл шарада «Шиелі-Ардагер» командасы жеңісті қанжығасына 100 мың теңге байласа, «Динамошылар» командасы 70 мың теңге, «Орда» командасы 50 мың теңге қаржылай ақшаның жеңімпаздары атанды. Ал, қалған қатысушыларға демеушілер атынан мақтау қағазы мен шағын қаржылай сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, футбол сүйер белсенді қатысушыларына «үздік қақпашы», «үздік сұрмерген», «үздік шабуылшы»  атағын беріп, марапаттады. Бапкерлігі бойында қалған ұзтаз, футболшы жігіттермен бірлесіп, төрт ойын қатар ойнап, 60 жастың өзінің белсенділігін көрсете білді.

Сонымен қатар, Тартоғай ауылында өткен турнирде бапкердің шәкірттері қатысушылар мен ауыл жанкүйерлеріне арнап ауыл мешітінде түскі аспен қамтамасыз етіп, қажетті суларын таратты. Сондай-ақ, шаранының соңы аудан әкімінің сөзі мен және Алтынбай әкемізге алғыс хат берумен аяқталды.

  • Қазақ атам, қай жерде білім алсаңда, өз еліңе пайдаң тисін деген екен. Осы нақылды жеке басыма пір тұтып, өскен, өнген жерімде ауыл тұрғындарының басын біріктіріп, турнир ұйымдастырып жатырмын. Тартоғай ауылында туып, өсіп, топырағына аунап, нанын жеп өстік. Бұл ауылда туғаныма қуанамын. Қазіргі таңда қызметіме байланысты Шымкент қаласында қызмет атқарып жатырмын. Кіндік қаным тамған жерде бапкерлік қызмет жасауымның арқасында шәкірттерім 60 жас мерей той құрметіне байланысты ауыл жастары мен ардагерлерінің басын бір жерге біріктіріп, футболдан турнир ұйымдастырып, сумен және мезгілдік ас пен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, бірге өскен құрдастарым жанымнан табылып маған үлкен қолдау білдірді. Бұл мен үшін бір бақыт. Менің осындай дәрежеге жетуім ата-анамның, бауырларым, отбасым және жаныма жақын достарымның арқасы деп білемін. Сондай-ақ, осы уақытқа дейінгі жасаған қызметімнің адал жемісі екеніне кәміл сенімім мол. Алдағы уақытта бұдан жоғары деңгейде түрлі шаралар ұйымдастыру жоспарымызда бар. Жасап жатқан игі ісіміз арқылы артымыздан ерген жас ұрпаққа үлгі өнеге көрсететініміз айдан анық деп сөзін аяқтады,- мерей той иесі Есенбаев Алтынбай Тілеуқабылұлы.

Мөлдір Жолдасбекқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: