Жұма, 03 мамыр, 22:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Теміржол саласының қызмет сапасы талқыланды

21.11.2023

480 0

Теміржол саласының қызмет сапасы талқыланды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері қаралды.Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, жиында айтылған мәселелерге толығырақ тоқталды.

«Облыс аумағында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК акционерлік қоғамына қарасты 8 теміржол вокзалы және 2 қызмет көрсету пункті бар. 6 вокзал ғимараты жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген. Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Қызылорда, Шиелі вокзалдары 1904 жылы салынған. Бүгінде Қызылорда қаласындағы вокзал ғимараттарына және оның іргелес аумағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 577 млн. теңгені құрайды. Оған «Қазақстан Темір Жолы» компаниясынан 322 млн. теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен 255 млн. теңге қаржы бөлінді. Күрделі жөндеу қараша айының соңында толық аяқталуы тиіс. Жұмыстардың сапалы әрі уақытылы бітуі қатаң бақылауға алынуы қажет. Жолаушылар үшін вокзалдың сыртқы келбетінің көркейгені ғана емес, қызмет көрсету сапасының да жоғары болғаны маңызды. Вокзал – қаланың қақпасы, сондықтан келушілерге әдемі әсер сыйлауы керек», – деді аймақ басшысы.

Күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы таяу күндері соққан қатты дауыл зардабын тез арада жоюды тапсырды. Алдағы уақытта сапасыз салынған ғимараттарды қалпына келтіруге қаражат бөлінбейтінін ескертті. Аймақ басшысы барлық басқармалардың жүзеге асыратын жобаларына талдау жасап, әрқайсына жеке-жеке тоқталды. Құрылыс барысында оның сапасына, қаржы игеруіне, жұмысты уақытылы аяқтауына баса мән беру қажеттігін қаперге салды.

Мұнан бөлек, жиналыста жергілікті мемлекеттік органдар көрсететін қызмет сапасын арттыру және оған бақылауды күшейту тапсырылды. Облыс әкімі анықталған кемшіліктерді атап өтіп, мемлекеттік қызметтерді кедергісіз, сапалы көрсету үшін жауапты мамандардың компьютерлік техникаларын жаңарту керектігін ескертті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: