Сейсенбі, 30 сәуiр, 22:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жылдамдықты асыру тыйылмай тұр

11.01.2024

334 0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақта облыстық полиция департаменті жол қауіпсіздігін сақтау үшін тұрақты түрде жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізген. Сонымен қатар патрульдік мобилді кешендермен елді мекендерге рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі  Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Шамшидин Амитов жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында қандай шаралар жүргізілгенін мәлімдеді.

– Жолда жүру ережесін бұзудың 204 981 дерегі анықталса, оның 112 625-і жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтар. Темір көлікті тізгіндейтіндердің басым бөлігінің қателігі – жылдамдықты асыру. 2023 жылдың желтоқсан айында 10 дана «Ekin Patrol G2» мобильдік құрылғылар алынып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментімен қызметтік автокөліктің айналасын және салонын онлайн режимде 4 камерамен бақылайтын, GPS-пен жабдықталған, 21 дана «VUEWO» бейнебақылау жүйелері қызметтік автокөліктерге орнатылды. Облыс аумағында құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын 20 «АРКАН», 5 «Интегра КДД», 1 «Мираж», 3 «Зерек» құрылғылары мобильді кешені жұмыс істеуде. Соның арқасында 20 дана «Аркан» құрылғысымен 22058, 10 дана «Екин Патруль» мобильді кешенімен 41652 және 3 дана «Зерек» құрылғысымен 3844 құқық бұзушылық анықталды, – деді Шамшидин Егенбердіұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: