Сәрсенбі, 13 қараша, 14:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Жылап та үлгермеді»: үш жасар бала шұңқырға түсіп кетті

31.07.2023

651 0

Оралда үш жасар бала шұңқырға түсіп кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz.

БҚО ТЖД өкілдерінің мәліметінше, оқиға 27 шілдеде сағат 21:00 шамасында болған. Қонаев ықшамауданындағы №51 үйдің ауласында құтқарушылар шұңқырдан үш жасар баланың қолын алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың жанындағы шұңқырға түсіп кеткен. Соны алмақшы болған баланың қолы қалды. Жанынан өтіп бара жатқан көршісі жедел жәрдем шақырған.

"Жылап та үлгермеді": үш жасар бала шұңқырға түсіп кетті

БҚО ТЖД

«Бала ұйықтап жатқандай тыныш жатты. Жақын жерде ата-анасы болды, жақын маңда дәрігерлер мен полицейлер кезекшілікте болды. Артынша құтқарушылар келді, олар қолын тез шығарып алды, бала жылап та үлгермеді», – дейді көпқабатты үйдің тұрғыны.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бала жарақат алмаған. Ата-анасы ауруханада емделуден бас тартты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: