Жұма, 03 мамыр, 03:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Айтуға ұялатын сөздер бар»: Саят Медеуов сахнада жүрген әншілерге сын айтты

15.08.2023

335 0

Танымал әнші Саят Медеуов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қазіргі қазақ эстрадасының мүшкіл жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Қазір білгенін істеп, сахнаға кез келген дүниені айтып шығу үрдіске айналды. Қазіргі әндердің сөздері өте өрескел, айтуға ұялатын сөздер бар. Сол әндерге рұқсат беріп отырған біздің мемлекетке бәрібір. Былай айтқанда, бет-бетімізбен кетіп жатырмыз. Әркім халықтың алдына қалай шыққысы келеді, солай шығып жатыр. Сондықтан бұл дүниеге тосқауыл қоймаса ертең кеш болады. Өкініп қаламыз. Халықты тәрбиелейтін өнер, әдебиет, театр, ән, би өнері, спорт. Мұның бәрін дұрыс жаққа қарай бұру керек. Бәрі қалаған әнін айтып, қалаған киімін киіп сахнаға шығып жатыр. Халықты тобыр демей ме? Тобыр екенбіз деп өзімізді-өзіміз жамандыққа итермелейміз бе? Адам өз жеке басы, мүмкін ойнап-күліп, ішіп, қыдырғысы келетін шығар. Ол жеке өмірі, онда менің шаруам жоқ. Бірақ оны сахнаға алып шығу – қателік”, – дейді Саят Медеуов.

Әнші сондай әндердің мәтінінен бірнеше сөздерді мысалға келтірді. Алайда ол әнді орындайтын әріптестерінің атын атаудан бас тартты.

“Құйрығыңды қысып жүр” деген не деген сөз? Кім айтатынын білмеймін. “Қаншық” деген сөздер бар. Айта берсең, көп. Оны тәрбиелеудің еш қиындығы жоқ деп ойлаймын. Бізде фонограммамен күресу керек дейді. Фонограммамен емес, жаман әнмен күресу керек. Жаман әнмен күреспесек, біз оңалмаймыз. Себебі халықтың құлағына оттаған, болмайтын дүниелерді құйып жатырмыз. Мемлекеттік тұрғыдан жаман әндер айтуға заңмен тыйым салу керек. Қазір әншілер халыққа танымал болудың әлегімен жүр”, – дейді өнер иесі.

Бұған дейін Саят Медеуов заң бұзып, түрмеге түскен әріптесі Төреғали Төреәлі туралы айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: