Жұма, 03 мамыр, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Америка Құрама Штатында өлім жазасы алғаш  рет азотпен тұншықтыру арқылы жүзеге асырылды

26.01.2024

343 0

Фото: bbc.com

Американың Алабама штатында өлім жазасына кесілген сотталушыға алғаш рет азотпен тұншықтыру әдісі қолданылды. Бұл туралы Аqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1988 жылы әйелді өлтіргені үшін кінәлі деп танылған Кеннет Юджин Смитке өлім жазасы тағайындалған. 2022 жылы Смитті өлімге әкелетін инъекция арқылы жазалау көзделеді. Бірақ процедураны жүргізген мамандар тамырға инені кіргізе алмайды. Кейін үкімді орындау туралы ордердің мерзімі аяқталады.

«30 жылдан астам жүйені алдауға тырысқаннан кейін Смит өзінің жан түршігерлік қылмыстары үшін жауап берді», – деді Алабама губернаторы Кей Айви.

Штаттың бас прокуроры Стив Маршалл қатыгездік туралы айыптауларды жоққа шығарып, өлім жазасын «тиімді және адамгершілікке сай» деп мәлімдеп, әділет орнады», – деді ол.

Штат билігі Смит бірнеше секунд ішінде есін жоғалтып, бірнеше минуттан кейін өледі деп күтілгенін айтты. Процедура жергілікті уақыт бойынша 19:56-да басталып, 29 минуттан кейін дәрігерлер Смиттің қайтыс болғанын хабарлаған.

Тұтқынға маска кигізіліп, сол арқылы таза азот денеге ене бастайды. Ол өкпеге енген кезде ол оттегін ығыстырады, нәтижесінде гипоксия болып, соңы өлімге әкеледі.

Куәгерлердің айтуынша, өлім жазасы басталғаннан кейін Смит бірнеше минут бойы ес-түссіз болған.

«Бүгін Алабама адамзатты артқа шегінуге мәжбүр етті. Мені қолдағандарыңызға рахмет. Сендерді жақсы көремін», – деген қылмыскер өлім жазасына кесілер алдында.

Өлімге бес БАҚ өкілі куә болған. Сондай-ақ өлім жазасына кесілмес бұрын Смитке отбасы мүшелері, екі досы, рухани кеңесшісі және адвокаты келген.

Кейбір медицина мамандары өлім жазасына кесу әдісі – сотталған адамның денесі үшін қауіпті екенін айтып айыптаған.

Ал өткен аптада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары азот тұншықтырып өлтіру халықаралық құқық бойынша азаптау мен қатыгездікке тең болуы мүмкін екенін айтып, өлім жазасын тоқтатуға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: