Бейсенбі, 11 маусым, 16:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Арал ауданында инвестициялық жоба аясында көпфункционалды жол бойы кешені қалыптасуда

11.06.2026

47 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Арал ауданында жол бойы инфрақұрылымын дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және инвестициялық тартымдылықты күшейту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Эко Энерджи Плюс ЖШС-нің автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойындағы кешен салу жобасы.

Кешен 2 гектар аумақта орналасқан және оның негізгі бағыты – көлік жүргізушілеріне кешенді қызмет көрсету инфрақұрылымын қалыптастыру. Қазіргі таңда мұнда метан газ толтыру компрессорлық станциясы жұмыс істеп тұр. Бұл автокөліктерді экологиялық таза отын түрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, өңірдегі көлік саласының жаңғыруына жол ашуда.

Жоба толық аяқталған жағдайда кешен жол бойындағы сервистік қызметтердің кең спектрін ұсынатын көпфункционалды орталыққа айналмақ. Атап айтқанда, мұнда 2 колонкалы газ құю бекетімен қатар, азық-түлік дүкені, намазхана, 100 адамға арналған асхана, көлік жөндеу орталығы және капсульдік қонақ үй қызметі қарастырылған. Бұл өз кезегінде жол жүріп өтетін азаматтар үшін барлық қажетті жағдайды бір жерде қамтитын заманауи инфрақұрылым қалыптастырады.

Сонымен қатар, жобаның екінші кезеңін іске асыру жоспарланған. Толық іске қосылған жағдайда кешен жылына шамамен 12 мың автокөлікті метан газымен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады. Бұл өңірдегі отын нарығын әртараптандыруға, экологиялық жүктемені азайтуға және жол бойы сервистік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Аталған инвестициялық жоба Арал ауданының көлік-логистикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті кәсіпкерлікті дамыту және инфрақұрылымдық серпіліс беру жағынан да маңызды рөл атқарады. Ауқымды бастама өңірдің даму бағытын айқындайтын стратегиялық жобалардың біріне айналып отыр.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: