Жұма, 03 мамыр, 03:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Біз адамдар, сондай шүкірсізбіз»: Толқын Тұрарбекқызы

27.06.2023

693 0

Заң бұзып, қамауда жатқан Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында Төреғалиге арнап жазба жариялап, көптің көңілін босатты.

“Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін» деген сөздер менің жүрегімде жатталып қалғандай… Иә, бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек. Бірақ Алла мені бұл сынаққа да дайындаған екен. Бұрынғы Толқын, етегі жасқа толып, миллиондаған даттауларға жүрегі жарылып, өзін қоярға жер таппай жылар еді. Ал қазір менің жүрегімдегі мейірім мен Аллаға деген сенім бұның бәрінен үстем болып тұр. Сағыңды сындырмай, өзгелердің алдында иілдірмейтін Аллаға сансыз шүкірлер. Жарыңнан артық кімің бар? Ойлап қарасам, мен үшін бұл күндер – отбасы атты құндылықтың шексіз нығмет екенін терең түсіндіре түсті. Себебі жарымды одан да қатты бағалап кеттім… Біз адамдар, сондай шүкірсізбіз… Тіпті жарымның дауысын естіп жүруім – ол да Алланың нығметі екенін сезінбеппін… Алла қосқан жан жарыма айтылған әрбір сөздің менің жанымды да жаралап, қанжардай қадалып, жарамды тілімдей бергені рас… “Зор сауаптар зор сынақпен келеді”. Сондықтан Алланың біз білмейтін, біз көре алмайтын даналығы барына мен шүбәсіз сенемін”, –деп жазды Толқын.

Оның күйеуіне деген шексіз қолдауы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады.

“Мен неге жылап отырмын? Жеңеше, сіз ең керемет жансыз”, “Әйел ақылды ғой”, “Өзіңнің биік екеніңді тағы да дәлелдедің”, “Төреғали жаңа ән жазып, жарқ етіп шықса, халық мұнысын ұмытып кетеді”, “Сіздей жары бар күйеуіңіз қандай бақытты”, – деп жазды желідегілер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: