Жұма, 03 мамыр, 05:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Бөлек тұрғанға ештене жетпейді»: Айсәуле Бақытбек

20.06.2023

792 0

Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесіне қатысты сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқырманның: “Әкеңіздің туыстарымен араласасыз ба?” деген сұрағына: “Жоқ, біз ешқашан жақын болған емеспіз”, – деп жауап берді. Блогерден ата-енесі жайлы сұрағандарда да болды.

Желі қолданушыларының бірі: “Күйеуіңіздің ата-анасымен бірге тұрып көрдіңіз бе? Бірге тұру сіз үшін ыңғайлы ма, жоқ па?” деген сауал жолдады. Айсәуле ата-енесімен арақатынасы жайлы кеңінен тарқатып айтты.

“Алғашқы жарты жыл ата-енеммен бірге тұрдық. Қазір бөлек тұрып жатқанымызға үш жыл болды. Ата-енем керемет жандар. Ешқашан біздің арамызға түспейді. Бірге тұрған кездің өзінде үйді жинайтын, тамақ жасайтын үй күтушіміз болатын. Бірақ бөлек тұрғанға ештеңе жетпейді”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Бұған дейін Баян Алагөзованың екінші қызы ашық киінемін деп ыңғайсыз жағдайға қалғаны туралы жазған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: