Жұма, 26 сәуiр, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Даналыққа толы ғұмыр

26.11.2022

865 0

… Бәрің достар әр тарапқа кеттіңдер ме?

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?

Қайдасыңдар, құрдастар! – деп жарты ғасыр шырқалып келе жатқан «Армандастар» әнімен 1970 жылы киелі білім ордасы Ғани Мұратбаев мектебінің түлектері бір-бірімізді қимай қоштасып едік. Бұл ән кейін достардың ұранына айналды.

Ғ.Мұратбаев мектебінің ұстаздары Меңдіғара Киікбаев, Балқия Жарқынбаева, Тайжан Бабанова, Жақия Төлепов, Рамсейіт Қоянбаев, Сара Кашаева, Валентина Логвиненко, Шарипа Кенжеева сияқты апай­лары­мыз бен ағайларымыздан білім мен тәрбие алғанымызды осы күнге дейін мақтаныш етеміз!

Мектеп табалдырығын бірге аттап,  он жыл бойы бірге оқыған достардың орны бөлек. Бүгін жаныма жақын досым Тапалова Әнипа Сейдалықызы туралы жазғанды жөн көрдім.

Әнипа мектеп кезінен-ақ облыстық, рес­публикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, Воронеж, Москва, Новосибирскіде өткен химия, физика, математика пәндерінен жүлделі орындар иеленіп, мектеп мақтанышына айналды. Ол 1970 жылы мектепті алтын медальмен бітіріп, С.М.Киров атындағы институтына оқуға түсті.

Әнипа Сейдалықызының өмірлік жолдасы Нұрділда Сыздықұлы  Алматы қаласындағы политехникалық институтынан энергетик мамандығын алып, кейіннен Өскемендегі «Автомобиль жолдары» институтын бітірген. Еңбек жолын ТЭЦ, РМЗ заводтарында механик, бас механик болып бастап, тәжірибе жинақтап, кейін Автокомбинат  мекемесінде, Автомобиль басқармасында бас инженерден бастап, өмірінің соңына дейін басқарма бас­шысы қызметін атқарды. Халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген  Нұрекең небәрі 52 жасында дүниеден озды. Арманы, атқаратын істері көп еді…

Өмірде жақсының аты ісімен, өнегесімен, адалдығымен, іскерлігімен өлшенетінін жақ­сы білеміз. Халықтан асқан көреген жоқ. «Жер елсіз ел ерсіз болмайды» дегендей,  әке қазасы үлкен ұлы Жайсаңды ерте есейтті. Ол 29 жасында әкесінің жұмысын әрі қарай жалғастырып, анасына ақыл қосып, бауырлары Данияр мен Бақтиярға, туған-туысқандарына қамқорлық жасады.

Атың жақсы болса, пырағың, балаң жақсы болса, жанып тұрған шырағың. Әнипа бұл күнде 13 немеренің қадірменді әжесі. Үлкен немересі Қарлығаш Англияда Qween Mary университетін бітіріп, Голландияда магистратурасын аяқ­тап мамандығы бойынша жұмыс істейді. Шадияры да Кембридж университетінде оқып халықаралық МАККЕНЗИ компаниясында білікті маман. Ал Алдияр Испанияның Марбелья қаласында 2 курс студенті. Бақтиярдың балалары Мұхамедияр мен Иманғали – Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары.

Әнипа Сейдалықызы жарты ғасырға жуық еңбек өтілімен зейнеткерлікке шықса да күш-жігерін, білім-біліктілігін, іс-тәжірбиесін жас мамандарға үйретіп тәлім-тәрбие, әдістемелік көмек беріп шәкірт тәрбиелеп келе жатыр. Шәкірттері Гүлмира Абызбекова,  Карима  Арынова,  Нұрбол Аппазов, Гүлбану Жақсылықова, Марат Сыздықбаев, Нұрлыбек Ақатаев, Қуаныш Қаныбетов, Нұрғали Ақылбеков, Рақымжан Тұрмановтардың, химия маманы ғана емес, зерттеуші-ғалым болып қалыптасуына ықпалын тигізді. Ұстаз шәкірттерімен мақтанады. 30-дан аса сту­денттер мен мектеп окушыларының ғылыми жобаларына жетекшілік жасап, шәкірттері облыстык, республикалык, халықаралық олим­пиадалардың жеңімпазы атанды.

Біз Ғани Мұратбаев мектебінің 1970 жылы бітірген түлектері Әнипа мен Нұрділда­дай кластасымыздың болғанына мақтанамыз, марқаямыз. Мектептегі Нұрділданың доста­ры –  Фатима Құрманаева,  Гүлбарам Тулекова, Оразкүл Қиянбекова,  Әбдібек Мұхамеджанов, Бектай Тұсмағанбетов, Болат Бектанов,   Құралай Рахимова, Айгүл Далдабаева, Данагүл Жүсіпова, Күлсара Махатова,  Шырын Ермағанбетова, Гаухар Тойшанова, Наташа Сақтағанова, Марияш Искакова, Аманкүл Алдамжарова, бәріміз қанша жыл өтсе де бір отбасының бала­ларындай жұбымыз жазылмай келеді.

Қадірлі досымыз Әнипа Сейдалықызы бұл күнде сүйікті ана, қадірменді әже бақытына ие болып, қазақтың бір отбасын гүлдендіріп отыр. Қазақ әйелі үшін бұдан асқан бақыт жоқ.

 Күлсара Махатова,

 еңбек ардагері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: