Жексенбі, 28 сәуiр, 03:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде мұғалімдер тағы бір жүктемеден босатылды

08.10.2023

681 0

Қазақстанда мұғалімдер әдістеме мен тестілеуден мүлдем босатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент «мұғалімдерге қысым көрсетуді тоқтату керек» деп пәрмен бергені сол-ақ екен, бүгін оқу-ағарту министрлігі су жаңа реформаларды қолға алдық деп отыр. Соның бірі — биылдан бастап ұстаздар қауымы әдістеме мен педагогикаға қатысты тестілеуден мүлдем босатылады.

Жауапты сала басшысы Ғани Бейсембаев құр әурешілікті азайтып, мұғалімдердің сапалы білім беруіне мейлінше көңіл бөлеміз дейді. Әсіресе ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталады.

Сондай-ақ біліктілігін арттыру үшін мектеп қабырғасында сабақ беретін мұғалімдер саналы өмірінде жиған-терген сертификат, мадақтама қағаз, дипломдарын көшірмеден өткізіп әуре-сарсаңға түсетін. Қазір барлық құжат электронды форматта сақталатындықтан, бұған дейін талап етілген бұл норма да алынып тасталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: