Жұма, 03 мамыр, 05:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызмет- мерейлі міндет!

10.01.2024

267 0

Фото: Н.Нұржаубай

Мемлекеттік қызметші-мемлекеттік биліктің айнасы. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс.

Әрбір мемлекеттің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі зор. Өйткені еліміздегі саяси-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік қызметке тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.Жалпы мемелкеттік қызметшілер қарапайым халықпен етене жұмыс істейтін, халыққа ең жақын адамдар болып табылады.

Мемлекеттік қызмет-мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды тетіктерінің бірі десек, қоғам мен мемлкет арасындағы байланысты оңтайлы орнатып, мемлкеттік саясаттың өміршеңдігін дәлелдеу, билікке деген сенімділік-мемлекеттік қызметшіден басталатынын атап өткен жөн.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы  ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік маңсап жүйесін қолданысқа енгізді. Мемлекеттік қызметші болу-бұл үлкен абырой мен міндет. Көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез келген деңгейдегі мемлкеттік қызметші лауазымы басқа тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл-өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы.  Адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі міндет екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын .

Осы тұрғыда, Қызылорда қаласы мамандандырылған тергеу сотының мемлекеттік қызметкерлері аянбай еңбек етуде.

Тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек ету басты мақсатымыз болып табылатынын атап өткен жөн.

А.Куншыгарова

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: