Жұма, 03 мамыр, 01:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Мерзімді басылымдар – халық сауаттылығының қайнар көзі» тақырыбында форум басталды

11.04.2024

382 0

Өңірлік баспа басылымдарының «Мерзімді басылымдар – халық сауаттылығының қайнар көзі» тақырыбында форум басталды. 

Алматы қаласында 11-12 сәуірде  өңірлік мерзімді басылымдарының жұмыс деңгейін арттыру мақсатында форум ұйымдастырылып жатыр.  

Форумның бірінші отырысында сараптамалық материал жазудың стилі, қате қолданыстағы сөздер мен тіркестер, журналистік зерттеу тәсілдері, мерзімді басылымдардың беттелуі мен дизайны, суретке түсіру өнері талқыланды.  

Одан әрі БАҚ саласының өкілдері баспа басылымдарын танымал ету және тарату, басылымдардың балалар контентін қалыптастырудың идеологиялық шарттары мен тетіктері бағытында ой бөлісіп, тәжірибе алмасады. 

Өңірлік мерзімді басылымдардың форумына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті  Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи қатысады деп жоспарлануда. 

Форумның қатысушылары баспа БАҚ саласында тәжірибе және кәсіби идеялармен алмасу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ журналистік зерттеулер жазу, әлеуметтік желілер мен сайттарды сауатты жүргізу, редакцияның жұмыс деңгейін арттыру дағдыларын жетілдіреді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: