Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әйел адам мүгедек қызды соққыға жыққан

19.09.2023

247 0

Фото: Бейнеден алынды

Әлеуметтік желіде әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео таралып жатыр. Оқиға Ақтауда 34-шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде жарияланған кадрларда әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашын жұлып, тартып жатқанын көруге болады. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қыркүйек күні сағат 18:28 шамасында көмек сұрап қоңырау түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан қала тұрғынының айтуынша, мүгедек қызын көршісі ұрған.

«Қоңырау шалған учаскелік инспекторлар фактіні растап, бөтеннің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: