Дүйсенбі, 20 сәуiр, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2240)
18.04.2026
PDF мұрағаты

Цифрлық көші-қон: Қазақстан шетел азаматтарының елге кіруін оңтайландыруда

20.04.2026

74 0

Фото: freepik

Қазақстан инвесторлар, бизнес өкілдері және өзге де шетел азаматтары үшін елге кіру, виза рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу тәртібін оңтайландыруда. Бұл туралы бүгін, 19 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік дерегінше, жеңілдетілген және инвестициялық режимдер аясында түрлі преференциялардың кең ауқымы ұсынылған. Бұл дегеніміз – инвесторлар мен кәсіпкерлер арнайы визалық режимдерді, өтінімдерді жедел қарау рәсімдерін, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін пайдалана алады деген сөз.

«Жеңілдетілген шарттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстанда жұмыс істеу үшін келетін шетел азаматтарына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қолдаухаты болған жағдайда экономикалық және әлеуметтік жобаларға қатысушыларға да қолжетімді»,- делінген ақпаратта.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жаһандық еңбек нарығын түбегейлі өзгертуде. Әлемде жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары бар мамандарға сұраныс артып келеді. Осыған байланысты сұранысқа ие мамандықтар тізімінде ерекше назар ІТ саласына аударылған (жасанды интеллект инженері, ақпараттық жүйелер архитекторы, қосымша әзірлеуші, ақпараттық қауіпсіздік инженері және т.б.). Сонымен қатар денсаулық сақтау (нейрохирург, гематолог, онколог, сәулелік диагностика дәрігері және т.б.), креативті индустрия (графикалық дизайнер, дыбыс режиссері, графикалық анимация технигі және т.б.), жаратылыстану ғылымдары, инженерлік және өңдеу салаларында да (фармацевтикалық өндіріс инженер-технологы, лазерлік жабдықтар инженері, бактериолог және т.б.) сұраныс жоғары.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Ресей Федерациясы) мүше мемлекеттердің азаматтары үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.

ЕАЭО аясында қатысушы елдердің азаматтары Қазақстан аумағында рұқсат құжаттарын алмай-ақ еркін жұмысқа орналасу құқығына ие. Бұл жұмыс күшінің жоғары мобильділігін қамтамасыз етіп, экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң әсерін тигізеді. Айта кету керек, дәл осындай қағидат бойынша қазақстандықтар да одаққа мүше елдерде еңбек етуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: