Дүйсенбі, 20 сәуiр, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2240)
18.04.2026
PDF мұрағаты

Волонтерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау жүйесі енгізіледі

20.04.2026

49 0

Фото: Ақорда

Волонтерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау жүйесін енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

-Жалпы, елімізде волонтерлік белсенді дамып жатыр. Ұлттық фронт-офис пен 20 өңірлік фронт-офис нысанында инфрақұрылым құрылып, бірыңғай Call-орталық пен бірыңғай Qazvolunteer.kz онлайн платформасы жұмыс істейді. Белсенді волонтерлердің саны 300 мыңға жуықтады. Оның 6 мыңы – «күміс» волонтер. Волонтерлік ұйымдардың саны – 810. Волонтерлік салады 130 мыңнан астам іс-шаралар мен акциялар өткізіліп, 300 мыңға жуық адам қамтылды. Олар 2 млн адамға көмек көрсетті, – деді ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.

Министрлік мәліметінше, 2020 жылдан бастап «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы беріледі. Алты жыл ішінде сыйлық Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Ресейден келген 297 волонтерге берілді. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы тетігі аясында «Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау» бағыты бойынша волонтерлік ұйымдарға сыйлықақы беріле бастады. Үш жылда 15 ұйым аталған сыйлықақы иегері атанды.

-Мемлекеттік деңгейде волонтерлік қызметті ынталандыру және қолдау бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл 56 волонтерлік жоба, волонтерлік бастамаларды іске асыратын 60 шағын грант орындалып жатыр. Сондай-ақ, заңнамалық деңгейде волонтерлік өтілді азаматтық қызметке орналасу кезінде есепке алу және білім беру жүйесінде волонтерлік тәжірибені ескеру, мемлекеттік марапаттау тетіктерін кеңейту, сондай-ақ волонтерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау жүйесін енгізу қарастырылып жатыр. Сонымен қатар волонтерлік қызметті есепке алудың бірыңғай цифрлық тетігін – Волонтердің цифрлық паспортын енгізу жоспарланып отыр, – деді министрліктен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: