Дүйсенбі, 08 маусым, 10:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 (2254)
06.06.2026
PDF мұрағаты

Қайғылы хабар: Мединаның денесі судан табылды

07.06.2026

35 0

Фото: ПД

Із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған Медина Мұратбекқызының денесі табылды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз баланың денесі «Әйтек» су торабынан ағыспен төмен қарай шамамен 30 шақырым жерден анықталған.

Еске салайық, Медина 5 маусым күні кешкі уақытта Рисмаш ауданындағы Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет аумағына ойнауға шығып, содан бері үйіне оралмаған болатын.

Оны іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру шаралары бірнеше күн бойы арнайы техника, дрондар, із кесуші иттер мен сүңгуірлердің қатысуымен жүргізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: