Бейсенбі, 11 маусым, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Қазалы ауданында Қарлан учаскесіндегі көпір құрылысы қайта жанданды

11.06.2026

44 0

Бірнеше жыл бойы тоқтап тұрған Қарлан учаскесіндегі көпір құрылысы қайта жанданып, құрылыс алаңында қарқынды жұмыс басталды. Қазалы ауданындағы стратегиялық маңызы бар нысанның іске қосылуы оннан астам елді мекеннің көлік қатынасын жақсартып, мыңдаған тұрғынның тұрмыс сапасына оң әсер етпек.

Қазір нысанда көпірдің негізгі тірек құрылымдарын орнату және бетондау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін 84 дана қада толық қағылып, сегіз тіректің төртеуі орнатылған. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Нысанда 14 арнайы техника мен 25 жұмысшы еңбек етуде.

Жоба аясында Сырдария өзені арқылы өтетін өткелдің жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде көпірдің ұзындығы – 248,29 метр, ал кірме жолдар 2,3 шақырымға созылады. Сонымен қатар, жол бойына жарықтандыру жүйелері орнатылып, қажетті инфрақұрылым толық қарастырылған.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей ауылдарының тұрғындары үшін қатынас мәселесі едәуір жеңілдейді. Нәтижесінде 10 мыңнан астам халықтың әлеуметтік және экономикалық байланысы нығайып, өңірдің дамуына жаңа серпін берілмек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: