Жұма, 03 мамыр, 10:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Сіздерді, тойды қатты сағындым»: Төреғали Төреәлі

17.08.2023

444 0

Танымал әнші Төреғали Төреәлі даулы істен кейін әлеуметтік желіде тағы да жазба жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол өлең шығарып, халықты, тойды сағынғанын айтқан.

«Біреулердің көргені сабақ болады,

Біреудікі өзіне сауап болады.

Ағайын мен сіздерді қатты сағындым.

Тойды да сағыныппын палаткадағы!» – дейді ол.

Желі қолданушылары әншінің видеосына түрлі пікір жазған:

Біз де сені сағындық.

Дым болмағандай қалай жүреді?

Төреш, сені ел-жұрт жақсы көреді.

Правасыз қалай суретке түсіп жүрсің?

Етің өліп кетті-ау сен баланың!

Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видеосы мен суреттері тараған еді. 

Алматының полиция департаменті мәліметінше, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың Lexus автокөлігін тоқтатқан.

«Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіден мас екені белгілі болды», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады.

Ведомство мәліметінше, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 1-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 599-бабы 1-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 600-бабы 1-бөлігі және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылған.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетіні хабарланды.

Кейін Қазнетте Төреғали Төреәлі Алматыда Land Cruiser айдап жүргені туралы хабар тарады.

Қамауда отырған Төреғали Төреәлі Алматыда көлік айдап жүргені рас па?

Алматының Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

«Бұл – жалған ақпарат, яғни шындыққа жанаспайды. Әртіс Алматы полиция департаментінің әкімшілік-қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау бөлмесінде әкімшілік қамауда өтеуді жалғастырып жатыр», – дейді тәртіп сақшылары. 

Ал 18 шілдеде әнші бостандыққа шықты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: