Сейсенбі, 19 наурыз, 13:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Скринингтік тексеру дерттің алдын алады

03.11.2020

703 0

Облыстық жастар денсаулығы орталығы және «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі 2020 жылдың  27 қараша 30 желтоқсан аралығында «Жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу!» мақсатында еріктілер жұмысын ұйымдастырды.

Мақсат – халықты скринингтік тексерілуден өтуге шақыру.  Жастардан құралған еріктілер тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді және шақыру қағазын таратты. Скринингтік тексерудің маңыздылығы мен қажеттілігін жеткізген еріктілер жас ерекшеліктеріне қарай жүрек қан тамыр, қант диабеті, қатерлі ісіктердің бірнеше түрінің алдын алуға болатынын жіті түсіндірді. Қазақстан азаматтарына жасалып жатырған мол мүмкіндікті пайдалана отырып, денсаулығына немқұрайлы қарамау әр бір азаматтың міндеті. Сол себепті де жастардың беріп жүрген мағлұматын тыңдаған тұрғындар скринингтік тексеруге міндетті түрде қатысатынын жеткізді. Еріктілер Қызылжарма қыстағын, Тасбугет кентін және Шораяқтың Омары көшелерін аралап, екі жүз үйге барды. Барлық тұрғындар еріктілер жұмысына ризашылығын білдіріп жатты.

Облыстық жастар денсаулығы орталығы және «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің мамандары ерікті болуға келісімін берген жастарды ата-аналарымен, ұстаздарымен бірге вебинар-сабақ өткізе отырып, дайындады. Вебинар-сабақ «Инсуль дегеніміз», «Жүрек қан тамыр аурулары», «Скрининг дегеніміз не?», «Қаерлі ісік ауруларының алдын алу шаралары», «Бронх демікпесінің алдын алуға болады» тақырыптарында жүргізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: