Бейсенбі, 28 наурыз, 21:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам космонавтика тарихымен танысты

12.04.2023

596 0

 Қылмыстық атқару саласының  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлері  қаладағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

1961 жылы 12 сәуірде КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен әлемдегі тұңғыш адам ғарыш кеңістігіне ұшты. Ғарыш кеңістігін бағындырған, есімі дүние жүзіне танылған тұңғыш ғарышкер мерзімінен бұрын Кеңес Одағының Батыры және Майоры атағын алып, оның ұшқан күні мемлекеттік мерекеге айналды. Бұл тарихи оқиға бүкіл адамзат игілігі үшін ғарыш кеңістігін игеруге жол ашты.

– 12 – сәуір ғарышкерлер күніне байланысты  мекеменің жеке құрамына  патриоттық тәрбие   беру және жас жас қызметкерлеріміздің тарихи танымдарын жетілдіру  мақсатында музейге алып келдік.  Қызметкерлеріміз түнгі ауысымнан шыққандығына қарамастан, музейді аралау барысында сергек жүріп, экурсоводқа түрлі сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.  Жас жеке құрам мүшелерінің косманавтика тарихын білуге деген қызығушылығы мол болды, –  деді, мекеменің кадр саясат тобының кәсіби қызметтік  және дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы М.Тұрымбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: