Жексенбі, 23 маусым, 06:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Тасбөгет кентінде ауқымды жобалар жүзеге асуда

24.05.2024

75 0

​Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, қала әкімі Серік Қожаниязовтың 2024 жылдың І тоқсанындағы халықпен кездесуі Тасбөгет кентінен басталды. Кездесу ашық диалог форматында жүрді.

​Мемлекет басшысының тапсырмасымен, ел Үкіметінің қолдауы және облыс әкімінің үйлестіруімен өңірдің, оның ішінде қаланың өсіп-өркендеуі жаңа сатыға көтерілді. Оған шаһар басшысы Серік Салауатұлы биылғы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарларын таныстырғанда айрықша тоқталды.

​Тасбөгетте халық санының артуына байланысты инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандар салу секілді мәселелер өз шешімін тауып келеді. Кенттің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму барысында серпіліс ерекше.

​Кенттегі ауқымды жұмыстардың бірі – Сабалақ саяжайының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету болса, оған байланысты жобаның жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Сонымен қатар, аталған саяжайдың 15 көшесіне жарықшам орнатуға және 2 көшеге жаяу жүргінші жолын салуға қаржы бөлінді.

​Тұрғындардың көптен бергі ұсынысы – Қызылорда су тоспасының көпірін ашу болса, жақында облыс әкімінің қолдауымен көпір ашылды. Осылай қала мен ауылдар арасындағы көліктік қатынасы кеңейді.

​Кенттегі 6 көшеге жарықшам орнатылды, 9 дана аялдама қойылды. Тағы 6 көшеге жарықшам, 6 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жүзеге асады. Көркейту және көгалдандыру мақсатында Амангелді көшесінің бойынан арық қазылып, оған демеушілер есебінен 2 су насосы орнатылды.

​Кездесуде тасбөгеттіктер қала әкіміне көпқабатты үйлердің желден ұшқан шатырларын жөндеу мен аяқ су мәселесін көтеріп, оның шешілуіне ықпал жасауды сұрады. Жиын қорытындысында тұрғындар ашық диалог форматындағы кездесуге алғыстарын білдіріп, ақсақалдар батасын берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: