Сейсенбі, 28 мамыр, 09:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Жауапкершілік жүктеген Жолдау

26.04.2022

744 0

Ел Президентінің жолдауында жаңа Қазақстан құруға арналған модернизацияның жалғасы нақты 10 бағыт арқылы көрініс тапты. Сол себепті бұл жолдаудың мәні зор.

Жолдауда демократияға бағытталған саяси реформалар жайында баяндалды. Осы кезге дейінгі билік институттарының құрылымы ел егемендігін алған кезеңде тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында  нәтижелі болғанымен, бүгінгі күн өзгерісті талап ететініне, ерікті түрде күрделі реформалау болмаса, еріксіз өзгерістер орын алатын уақыт талабын аса көрегендікпен дөп басты деуге болады. Бір қолға шоғырланған суперпрезиденттік биліктен бас тартып, мықты парламенттің маңызын айқындап көрсетті. Парламент палаталарының балансын сақтау үшін Мәжілістің әлеуетін арттырып, Сенат құқықтарына ұсыныстар енгізді. Президенттің өзі сайлайтын депутат санын азайтып, аралас сайлау практикасынан күтілетін нәтижелер ретінде: халықтың сайлау белсендігін арттыру, ел билігінің бөлшегі ретінде сезінуі, билікке келуге әр адамға тең құқық беруі, адал бәсекеге қабілетті тұлғалардың билікке  келуі арқылы демократияға жол ашу т.б. атап көрсетілді. Ел Президентінен бастап, атқарушы қызметіндегілер саяси партияларға төраға бола алмайтыны да олардың бәсекелестігін арттырып, сан алуан көзқарастардың еркін өмір сүре алатынына жол ашпақ. Партияларды тіркеу процестерінің жеңілдеуі, оларға тең құқық берілуі де сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі демократияға нақты қадам.  Жолдауда атап көрсетілген, Президент билігі мерзімі мен әлеуетінің біртіндеп қысқаруы, оның жақын туыстарының мемлекеттік, квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтерде бола алмауы т.б. секілді өзгерістер де – күрделі саяси реформалардың мысалдары. Бұл бөлімді «Біз жаңа Қазақстанда «түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз» деп қорытындылады. 

«Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын!» деп  қорытындылаған Президент халыққа арқа сүйейді. Олай болса, бүгін бақытты болғысы келетін халық та өзіне тиесілі жауапкершілікті ұмытпау керек-ақ.

Ләззат Спанова,

экономика ғылымдарының магистрі,

«Болашақ» университетінің аға оқытушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: