Жұма, 03 мамыр, 03:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жазда не киеміз ?

08.06.2023

779 0

     Қазіргі заман талабы ‒ сәнді, әрі жарасымды киініп жүру.Сәнді киіну адамның тек сырт келбетіне ғана емес, ішкі күйіне, өзіне деген сенімділікке әсер етеді. Қазір ақпарат ағынында уақыт өткен сайын жаңалық ескіретіні сияқты, киім мен сән де жылдам құбылып жатыр. Бірақ бұл жыл сайын гардеробты жаңарту керек деген сөз емес, киімдеріңді үйлестіріп те сәнге ілесуге болады. 2023 жылы сән саласында бізді көптеген ерекшеліктер күтіп тұр.

  «ТРЕНДТІ ТАЛҒАМЫҢА ҮЙЛЕСТІРУГЕ БОЛАДЫ»

    Сән әлемінде жыл сайын тренд киімдер шығып отырады. Олар бір-екі маусым ғана трендте болуы мүмкін. Ал кейбіреуі көпшілікке ұнап, бірнеше жыл сәннен шықпайды. Оның кейбірі сізге ұнамағанымен, кейбірі көңіліңізден шығатын шығар.2021 жылы «Ұлан» газетіне Дана Маратованың да сән әлемі туралы мақаласы шықты.Жалпы бұл тақырыпқа қалам тартқандар аз емес.Тек сәнге ілесемін деп, жеке талғамыңызды ұмытпаған жөн.Дизайнерлердің айтуы бойынша, ашық түстер, биік өкшелі және жалпақ табанды аяқ киімдер де трендте.2022 жылы оверсайз киімдер трендте болды. 2023 жылы былғары мен джинс киімдер кию сәнге айналмақ.

 Алқызыл, қызғылт түсті киімдер. Осы маусымда көптеген дизайнердің топтамаcында осы түс болады. Нақ алқызыл, қызғылт түс болмаса да, ашық және қою реңкі болуы міндетті. Кішкентай қыздар ғана емес, бойжеткендер, қыз-келіншектер де осы түсті ұнатса, гардеробына қосып қойса болады. ізТұтастай қызғылт түсті немесе акцент ретінде қызғылт түсті аксессуар (сөмке, шарф, баскиім, аяқкиім, белдік т.б) қолдануға кеңес беремін.

 Шынжыр бұйымдар. Мұндай бұйымды әшекей ретінде тағуға немесе шынжыры бар сөмке, киімдер қолдануға болады. Мамандар шынжыр бұйымды  кешкі көйлектерді ұсынып отыр. Көп қыздарға шынжыр дөрекі бұйым боп көрінуі мүмкін, бірақ үйлестіре алсаңыз, нәзіктік символына айналдыруға болады.  

 Трикотаж киімдер. Мұндай киімдер тек жылы маусымда емес, жазда да сәнде болады. Жұқа трикотаж түрінен тігілген поло, көйлек, шолақ шалбар биыл сәнді киімдер қатарында.

 Былғары. Биыл да теріден жасалған киімдер трендте болады. Жалпы мұндай киімдер ешқашан сәннен шықпайды. Гардеробыңызда түрлі түстегі ұзынша жакет, трапеция белдемше , белі жоғары шалбар, көйлек пен сарафан болса, биыл сәннен қалмайтын адамсыз.

  Шақпақ, тор сызықты киімдер. Мұндай принттегі киімдер ешқашан сәннен шықпайтын шығар. Бір түсті киімнен жалықсаңыз, шақпақ пен өзге де принті бар киімдерді байқап көріңіз. Жакет, белдемше, шалбар, сырт киім, аяқкиім, сөмке, баскиім мен шарфта да шақпақ принт болуы мүмкін.

 Ашық түсті киімдер. 2023 жыл сәнқой аруларға түстердің түрлі  бояуын ұсынады. Ашық, қанық түстегі киімдерді суретте көрсетілгендей киюге болады. Дизайнерлер  бір түсті киімдерді әшекейсіз киген үйлесімді көрінетінін айтады.

 Костюмдер. Бұрын шалбарлы костюм тек ер адамдарға тән сияқты көрінетін. Бірақ сән әлемі бұл пікірге қарсы. Биыл денеде бос тұратын шалбарлы костюм сәнде. Шалбары мен костюмін басқа киімдермен үйлестіріп киюге де болатынын ұмытпаңыз.

 Жеңі көлемді киімдер. Романтикалық стильде киінгенді ұнататын арулар үшін таптырмас тренд. Мұндай жеңді киімдер иық өлшемі  кішірек мүсінді жақсы түзетеді.

 Аяқ киім. Сәнқой арудың гардеробында бір емес, бірнеше аяқ киім болуы керек. Қалың табанды, казак үлгідегі етік, кең қонышты етік, лофер, платформа кроссовка, өкшесі ерекше үлгідегі немесе түрлі ‒ түсті туфли 2023 жылы сәнге айналады.

Аталған трендтер ұзақ мерзімге немесе қысқа уақытқа ғана сән әлеміне келуі мүмкін. Сондықтан бәрін бірден сатып алудың және барлығын бір уақытта киюге тырысудың қажеті жоқ. Трендтегі киім үлгісін таңдағанда терінің түсіне, бой ұзындығы мен мүсінге де мән беру керек. Ұнатқан сәндегі киімдерді әуелі дүкенге барып, киіп көріңіз. Себебі сән көрсетіліміндегі киімдердің дизайны жергілікті дүкендерге жеткенше түрлі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сән әлемінен қажет ақпарат алып, жаңалықтардан хабардар болып отыру үшін әлеуметтік желіде стилист мамандардың парақшасы мен кеңесін оқып, бақылап жүру керек деп ойлаймын. Өмірдің басты мақсаты өз орныңды табу болса, сән әлемінің басты мақсаты – сізге лайық киім үлгісін табу.  

    Сократ айтқандай, «Нашар талғам – дәстүрдің құлдырауының белгісі. Киім кигенде сәнді болыңыз, бірақ сәнқой болмаңыз. Себебі сәнді болу – әдептілік, сәнқой болу – нысапсыздық».Стилист Маржан Абишева ꞉ сән әлеміндегі трендті емес, сәні мен түсінігі жарасқан «өзіңізді» іздеңіз,‒деген екен. Киімді ретпен,сәнмен,жарастыра кие білу де ‒ өнер. Адам көркі‒шүберек. Сондықтан,заман қанша дамып кетсе де, етек-жеңімізді жабатын, бойға әдемі қонатын киімнен алыстамайық.

Айгерім ӨТЕП,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: