Жұма, 11 қазан, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Аймағамбетов колледжге оқуға түсетіндер үшін жақсы жаңалық жариялады

11.03.2021

3333 0

Қазақстанда колледжге оқуға түскендердің оқу мерзімін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр колледждерде академиялық дербестікті енгізу бойынша жұмыс қолға алынғанын атап өтті.

«Бүгінгі күні заңнамалық деңгейде уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімін белгілеу туралы норма алынып тасталды. 9-сынып негізінде колледжге түскендер үшін оқу мерзімін үш жарым жылдан екі жылға дейін, 11-сынып негізінде оқуға түскендер үшін екі жарым жылдан бір жарым жылға дейін қысқарту жоспарлануда», – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Айтуынша, бұл нарыққа кадрлар даярлау мерзімін қысқартып, оның сапасын арттырып, білім бағдарламаларын жаңартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ол техникалық және кәсіптік білім беру саласына да тоқталды. 2017 жылдан бері тегін техникалық біліммен қамтамасыз ету ұлғайса да, 50 мыңға жуық студент әлі де ақылы бөлімге түседі, деді министр.

«Осыған орай 2025 жылға дейін жастарды кезең-кезеңмен 100 пайыз техникалық біліммен қамту жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі 50 мыңға дейін кезең-кезеңмен ұлғайтылады», – деді ведомство басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: