Бейсенбі, 02 мамыр, 15:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркінің Қызылорда облысы бойынша өңірлік офисі ашылды

18.04.2023

611 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бизнес-инкубаторы және Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығының базасында Kyzylorda Hub стартаптар технопаркі ашылды.

Kyzylorda Hub технопаркінің басты  мақсаты – өңірдегі  инновациялық жобаларды дамыту, аталған бағыт бойынша кадрлар даярлау және білім беру. Орталық  стартаптар, инвесторлар мен менторларды біріктіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік саладағы білімін арттыру, жобалардың прототипін жасау, инвестиция тарту, қаржылық есеп жүргізу және PR бағыты бойынша жастарға қолдау көрсетіледі.

Astana Hub технопаркімен серіктестік аясында мектеп және колледж бітіруші түлектер арасында «Startup Talapker» облыстық стартап жобалар байқауы, үздік стартап жобаларды анықтауға арналған «Idea Battle» байқауы және «Startup Joly» инкубациялық кезеңі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, стартап жобасын бастап, білім алғысы келетін азаматтарға онлайн білім беретін  «Startup School», кодты пайдаланбай IT өнімді әзірлеудің жаңа дағдысын көрсететін «No Code» курстарымен қатар технологиялық кәсіпкерлік бойынша «Startup Academy» бағдарламасы іске асырылады.

 Алдағы уақытта Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығының қолдауымен өңірде «Smart city Hackathon», «Pecha Kucha Night», «Innofest Kyzylorda – 2024» инновациялық жобаларды дамыту бағытындағы іс-шаралар да ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер мен оқытушыларға арналған бизнес-инкубатор 2017 жылдан бастап жұмыс істейді.  Инкубатордың жалпы жұмысына осы кезге дейін 139 резидент пен 7 600 жас қамтылды. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы                                   

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: