Сенбі, 18 мамыр, 20:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Елімізде 1 қыркүйектен бастап оқушылар тегін тамақпен қамтылады

14.08.2023

293 0

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды. Ең жоғары баға Алматы қаласында – 800 теңге.

«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізіледі», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: