Жұма, 10 мамыр, 06:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ең қысқа тоқсан

30.03.2021

1653 0

Көзді ашып-жұмғанша  тағы бір  оқу жылы мәресіне таяп қалды. «Ең қысқа тоқсан» деп балалар да, мұғалімдер де ерекше қуанатын төртінші тоқсан басталуға жақын. Төтенше жағдай әсерінен қашықтан оқуға мәжбүр болған оқушыларды биылғы ең қысқа тоқсан мектепке шақырып қуантпақшы.

Бүгінде «сәуірде мектепке ба­ра­мын» деп ата-анасымен бірге мектеп киімін, керек-жарағын тү­гендеп жүргендер қатары аз емес. Біріне сөмке, біріне киім-кешек керек дегендей, мектепке әзірлікке қарбалас уақыты. Сонымен IV тоқсан қа­лай болады? Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Ведомствоаралық кеңестің ко­ронавирустық инфекцияның та­ралуына жол бермеу жөніндегі шешіміне және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес IV тоқсанда мектеп оқу­шыларын оқыту форматы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға бай­ланысты болмақ.

Жасыл және сары аймақтар­да: Барлық сыныптардың оқушы­лары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

Қызыл аймақта: Мектепалды даярлық, 1-5 сыныптардың (халық­аралық мектептерде 1-7 сынып­тардың) оқушылары аралас фор­матта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет;

– 9,11 (12) сыныптар үшін ап­таның 6 күні ішінде аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 15-тен асырмау қажет.

Республиканың барлық өңірінде: Контингенті 300 оқушыға дейін мектептерде балалар дәстүрлі фор­матта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

– Сабақтан тыс уақытта 15 адам­нан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

– «1 оқушы – 1 кабинет» қағи­даты сақталады, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Сабақ 40 минуттан болады.

Сондай-ақ оқушылар үшін мек­теп формасын сатып алудың қажеті жоқ екені де министрлік өкі­лі тарапынан айтылды. Ең бастысы, сапалы білім алуға ұмтылу және жағдай жасау.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: