Жұма, 11 қазан, 05:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Италия мен Сыр елі арасындағы телекөпір

14.03.2021

2059 0

TED ED Students Talks клубының жұмысы аясында Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Италиядағы Абруции қаласының оқушыларымен байланыс орнатты.

Итальяндықтармен өткен телекөпірді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Камила Қылышбекова бастаған 10 «D» сыныбының оқушылары ұйымдастырды. Қос елдің өрендері бір-біріне халық мәдениеті, салт-дәстүрі мен өмір сүру ерекшеліктері жайында таныстырылымдар жасады. Қызылордалық зияткерлер Абруции қаласы туралы білімдерін толықтырып, шетелдік құрдастарының қызығушылықтары мен сүйікті хоббиі жайында білді. Сондай-ақ, тілдесу барысында жас өрендер карантин жағдайында білім алудың оң және теріс тұстарына талқылау жүргізіп, тәжірибе бөлісті.

– Бұл шаралар – жаңа достар табу және өзге мемлекеттер туралы ақпарат алу үшін үлкен мүмкіндік. Біз ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларымызды арттырып, жергілікті тұрғындардан ғаламтор желісінде кездеспейтін тың мәліметтер аламыз, – деп бөлісті өз ойымен 10-сынып оқушысы Даяна Хегай.

Айта кету керек, Сыр бойындағы NIS ұжымы шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен шаралар өткізуде белсенді. Бүгінде АҚШ, БАӘ мен Үндістан мектептерімен тығыз қарым-қатынас орната білді. Алдағы уақытта клуб жеткшісі мұндай телекөпірлерге 9-сынып оқушыларын қатыстыруды жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: