Жексенбі, 19 мамыр, 13:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Мектепте жалған дипломмен бала оқытқан мұғалімдер анықталды

27.11.2023

567 0

Мектепте жалған дипломмен бала оқытқан мұғалімдер анықталды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында жалған дипломмен сабақ берген адамдар анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары ауылдық жерлерде кадр тапшылығы едәуір теңестіріліпті, алайда кейбір адамдар заңсыздыққа барған. 

Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіпті, соның нәтижесінде жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталған.

«2021 жылы К. жалған дипломмен Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысып, 4,9 миллион теңге алды. Айта кету керек, К. 2 жыл бойы осы салада құзыретті болмаса да балаларды оқытқан. Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман» пайдаланған. Залалдың жалпы соммасы 30 миллион теңгеден асты», – делінген хабарламада.  

Қазір қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: