Сенбі, 27 сәуiр, 21:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Мерейлі ұстаздар құрмет төрінде

07.10.2023

245 0

Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде ұстаздар күніне орай  «Мәртебелі ұстаз – ұлт мерейі атты» салтанатты жиын өтті.

Шараға қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қатысып, ұлағатты ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.

– Қазақтың аяулы ақыны Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласы бас қосқан жерде, төрдегі орын ұстаздың орны», – деген болатын. Сол секілді қастерлі мамандық иелерін тек мерейлі мерекелерінде ғана емес, күн сайын құрметтесе де жарасады. Себебі ұстаз қашанда ілім мен ізгіліктің қайнар бастауы, биік пен тереңдіктің өлшемі және шәкірт санасына нұр төгетін шамшырақ іспетті ұлттың баға жетпес қазынасы. Президент Қасым- Жомарт Кемелұлы «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы» деп ұстаздардың арқасында тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасатынын айтқан болатын. Білім саласының ұлт сапасын жақсарту мақсатында аса маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Сондай-ақ білімі терең, ойы озық ұрпақты биікке жетелейтін мұғалімдер қауымына артылған жауапкершілік пен атқарған жұмыстарына мемлекет тарапынан қолдау шаралары жүргізілуде. Одан бөлек қаладағы жобалар сәтті жүзеге асып, жаңа мектептер бой түзеуде. «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» демекші, елімізде білім берудің жаңа инновациялық даму жүйесі қалыптасуда. Бұның барлығы елдің ертеңіне, ұлт болашағы мен жастарға жасалған қамқорлық және келешек ұрпаққа жол сілтейтін педагог ең­бегін бағалау ісінен туындаса керек. Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сәйкес соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы 100 пайызға артты,  – деді қала әкімінің орынбасары.

Мерекелік шарада мерейлі жасқа толған ұстаздарға арнайы сый-құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, жыл сайын ұстаздардың атқарған жұмыстарына қарай ұстаздар күнінде «Үздік педагог» атауы бойынша 150 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалатын. Кеше де бірқатар ұстазға қала әкімінің алғыс хаты мен қаржылай сыйақы табысталды.

Мерекелік шарада оқушылар сарайының жас өнерпаздары ән-шырқап,  ұстаздар қауымына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Нәзира МҰҚАТАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: